Әлем

Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек үшін курорттағы зәулім үйін сатпақ

© AP Photo / Maya AlleruzzoРебенок с мамой
Ребенок с мамой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексика билігі түскен қаржыны әлеуметтік көмекке жұмсау үшін қымбат жылжымайтын мүлікті сатқалы отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Мексиканың мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор қайырымдылық мақсатында курорттардың бірінде орналасқан президент резиденциясын сатпақ, деп хабарлайды РИА Новости.

Президенттің Кинтана-Роо штаты Косумель аралындағы демалыс үйінде мемлекет басшылары ғана тұрады.

© Photo : СС0 / Michelle MariaКосумель курорты (Мексика)
Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек үшін курорттағы зәулім үйін сатпақ - Sputnik Қазақстан
Косумель курорты (Мексика)

"Косумельдегі Casa Maya президент үйінің жай-жапсарын мұқият зерттеймін, себебі оны сатып, түскен қаржыны Кинтана-Роода тұратын мұқтаж жандарға береміз", - деп мәлімдеді Мексиканың мемлекет басшысы.

​Айта кетсек, бұдан бұрын мексикалық есірткі сатушылардың иелігінде болған үйлер аукционға шығарылыпты. Барлығы 27 зәулім үй сатуға қойылып, бір күн ішінде олардың тоғызы 56,6 миллион песоға (3 миллион доллардай) сатылып кеткен.

Осы қаражаттың да басым бөлігі тұрмысы нашар отбасыларға көмекке жұмсалады.

Жаңалықтар
0