Саясат

Бір айда екінші рет: Нұр-Сұлтанда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневПеред совместным заседанием палат парламента, которое пройдет в мажилисе
Перед совместным заседанием палат парламента, которое пройдет в мажилисе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жолы парламенттің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді, енді алдағы жұма 28 маусымда өтпек

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 28 маусымда өтеді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген мәжілістің сайтында жарияланған өкімде.

Бұдан бұрын сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді. Күн тәртібінде екі мәселе болды – елдегі конституциялық заңның сақталуы және 2018 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі.

Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдегендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы заңнаманы қайта қарап, адамның ар-намысына қол сұқпау және жекеменшік құқығы кепілдігін нығайту қажет.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауы - 2019 туралы толық ақпарат

Сонымен бірге Мәми мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өткенін айтты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысына ие болып, жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0