Қоғам

Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 

Жиынға премьер-министр, президент әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі, премьер-министрдің орынбасары, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясаттың айрықша маңызы, әсіресе, ауыр жағдайға тап болған адамдармен қатынасты қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан президенті цифрлық платформаны қолдана отырып, бірыңғай әлеуметтік картаны кешіктірмей енгізу қажеттігін айтты.

Кеңес барысында еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жағдайлары жөніндегі есебі тыңдалды.

"Осы маңызды салада халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары кезінде заңбұзушылықтар, тіпті, алаяқтық жолдар да анықталды. Бұл бюджет үшін жоспарланбаған шығын", – деп баяндады Сапарбаев.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекет басшысы аталған саладағы теріс әрекеттерді жою үшін еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, президент әкімшілігі мен үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді. 

Жаңалықтар
0