Экономика

Мәжбүрлеп таратылған "Qazaq Banki" клиенті 13 миллион теңгесін іздемеген

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПроценттің белгісі
Проценттің белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Qazaq Banki" АҚ салымшылары ақшасын осы жылдың желтоқсанына дейін талап ете алады

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Лицензиясынан айырылған "Qazaq Banki" АҚ-ға салынған қаржының 325 миллион теңгесін әлі күнге ешкім талап етпеген.  

"Qazaq Banki" АҚ-да 18 мың салымшының және жеке кәсіпкердің депозиті орналастырылған болатын. 2018 жылдың 24 желтоқсанынан бері салымшыларға жалпы сомасы 20,2 миллиард теңге, яғни бастапқы төлем сомасының 98%-нан астамы төленді.

"Әзірге талап етілмеген міндеттемелер сомасы 325 миллион теңгені, яғни бастапқы төлем сомасының 2%-нан аспайтын көрсеткішті құрап отыр. Алайда қазіргі сәтте ақшасын алуға салымшылардың үштен бірі ғана ниет білдірді. Салымдарды әзірге талап етпеген 80%-ға тарта салымшының депозиттегі сомасы бес мың теңгеден кем болған, ал 14% салымшының салымы жүз мың теңгеден асқан", - деп жазылған "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕҰ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда талап етілмеген ең ірі сома 13,4 миллион теңге болып отыр. Семей, Петропавл, Өскемендік салымшылардың белсенділігі төмендеу.

"Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕҰ 2019 жылдың 24 желтоқсанына дейін "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына бүкіл филиал желісі бойынша төлем жасауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі 

Банк-агент пен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арасындағы тиісті келісімге 21 маусым күні қол қойылды. Төлем ҚДКБҚ атынан және оның қаржысы есебінен жүргізіліп жатыр.

Салымшылар 2019 жылдың 24 желтоқсанына дейін кез келген жұмыс күні банк-агенттің барлық бөлімшесіне жүгінуге құқылы.

Айта кетейік, 2018 жылдың 24 қазан күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Qazaq Banki" АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0