Оқиға

Арыстағы жарылыс: қорғаныс министрі бір адам қаза тапқанын хабарлады

CC0 / pixabay.com / Жарылыс, иллюстративті фото
Жарылыс, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза тапқан адамның автокөлігіне снаряд түскен. 31 адам медициналық мекемеге жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыс кезінде бір адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ең алдымен қаза тапқан кісінің жақын туыстары мен жарақат алғандарға көңіл айтамыз", - деді ол.

Министр қоймада ешқандай радиоактивті оқ-дәрі, радиоактивті снаряд сақталмағанын атап өтті. Ешқандай радиация қаупі төніп тұрған жоқ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, қаза тапқан адамның автокөлігіне снаряд түскен. 31 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

"Оның екеуі ауыр халде жатыр, қалғаны орташа және жеңіл жарақат алған", - деп мәлімдеді өңір басшысы. 

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, қоймадағы оқ-дәрі жарылды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

Арыс тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Қалада 43 мыңға жуық халық тұрады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау үшін шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. 

Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Арыс қаласындағы жарылыстардан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0