Қоғам

"7-20-25" бағдарламасы: бекітілген бастапқы жарна алынып тасталды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКалькулятордың үстіндегі үй макеті
Калькулятордың үстіндегі үй макеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 шілдеден бастап бағдарламаға қатысушы банктер баспана құнының 20%-інен де жоғары бастапқы жарнаны қабылдай бастайды  

АЛМАТЫ, 24 маусым — Sputnik. Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізіп, мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді несие алушының қалауымен баспана құнының 20%-інен де жоғары алғашқы жарна салуға болады.

Ұлттық банк хабарлағандай, оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.

"Бұрынғы талап бойынша бастапқы жарнаның бекітілген мөлшері қолында 20%-тен артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздық туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейтіп, ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Бұл өзгерістің арқасында банктердің де ұтары мол. Баспана" ипотекалық ұйымының серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымовтың айтуынша, банктер үшін кредиттік тәуекелдер төмендейді.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға арналған арендалық үй туралы не білу керек?

Қазір "7-20-25" бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде. Еске сала кетсек, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Jýsan bank (бұрынғы Цеснабанк), Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.

Жаңалықтар
0