Өңірлер

Жаңбыр және бұршақ: ертең ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтубұршақ
бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер ауа райының бұзылатынын ескертіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың ықпалынан жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

Нұр-Сұлтанда 24 маусымда күн күркіреп, желдің күші 18 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз бұршақ түсуі ықтимал, ауа температурасы 25-27 градус жылы болады.

Алматыда күн ашық, күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріледі, түнде - 18 градус.

Шымкентте күн ыстық болады, ауа температурасы күндіз 31-33 градусқа дейін жетеді, жаңбыр жаумайды.

Өңірлерде ауа райы қандай болады?

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін.

Павлодар облысында қатты жел болады, Ақмола, Қостанай, Алматы, Түркістан облыстарында бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн ысиды деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Таңғажайып кемпірқосақ бүкіл әлемді тамсандырды

 

Жаңалықтар
0