НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Исламның Алматыда өтетін жекпе-жекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.
Боксшының келесі қарсыласы – 36 жастағы доминикандық Хулио де Хесус (27-1, 24 КО). Жекпе-жек Алматыда бесінші шілдеде өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental атағы үшін таласады,
"Сіздердің қолдауларыңызға сенемін! Жақында көрісеміз!", - деп жазды Қанат Ислам Instagram-дағы парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қанат Ислам соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қыркүйегінде шықты, ол Астанада канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ол WBA Inter-Continental және WBO NABO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері. Боксшы АҚШ-та жаттығады.Кәсіби бокста спортшы 25 жекпе-жек өткізді, барлығында қарсыласынан басым түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Қанат Исламның аяғынан алған жарақатын емдеп, қатарға қосылғанын хабарлаған еді.