Өңірлер

Қарағандыда пілдер жайылып жүр - видео

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуСлоны в национальном парке, архивное фото
Слоны в национальном парке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос піл – анасы Прэтти мен қызы Марго таза ауамен тыныстау үшін шыққан екен

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Балқаш – Қарағанды тас жолы маңында және Қарағанды көшелерінде жүрген пілдерді жұрт видеоға түсіріп алған. Сөйтсе, жануарларды "Пілдер карнавалы" атты цирк қойылымы үшін алып келіпті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Лучший Карагандинский!!!🇰🇿 (@in_da_krg)

Ерекше қонақтарды Қарағанды халқы қалалық цирк жанынан байқаған. Жаздың жайма шуақ күні көшеде қос піл жайылып жүр. Үлкендер де, балалар да жануарларға қызыға қарап, тіпті тамақтандырғандар да болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)

Пілдерді қалаға ресейлік цирк әкеліпті, сенбі күні қойылым басталады екен.

"Оларды жайылып келсін деп жіберген. Үйретуші және басқа жұмысшылардың бақылауында болды. Таза ауамен тыныстау үшін шығардық. Цирк төңірегінен алысқа кеткен жоқ. Тіршілік иесі ғой, оларға да таза ауа керек", - деді ресейлік цирктің өкілі Sputnik Қазақстанға.

Көгалға жайылуға екі піл шығыпты: анасы Прэтти мен қызы Марго. Жергілікті тұрғындармен араласу пілдерге де, адамдардың өзіне де жақсы болды, деп санайды цирктегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Қарағандыға ресейліктер пілдерден бөлек басқа хайуанаттарды да алып келіпті. Олардың ішінде арыстандар, гепардтар, пума, аттар, түйелер, иттер, сирек кездесетін гиена, жайра мен маймылдар бар.

Жаңалықтар
0