Қоғам

Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты

Жазылу
Ел қорғаған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес

1941 жылдың 22 маусымында сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталып, миллиондаған азамат қолына қару алып, қан майданға аттанды, елі, жері, болашақ ұрпақ үшін жан тапсырды.

© Sputnik Қазақстан, Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуҚан майданға аттанып бара жатқан әскер, 23 маусым, 1941 жыл
Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты - Sputnik Қазақстан
Қан майданға аттанып бара жатқан әскер, 23 маусым, 1941 жыл

Олар бізге жеңіс сыйлады. Бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүруге, адал еңбек етіп, отбасы құруға, өз балаларымызды тәрбиелеуге, келешегі зор мемлекет құруға мүмкіндік берді. 200 мың қазақстандық қан майданнан оралмады.

Аталарымыздың жан алысқан ерлігінің арқасында осы қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткіздік. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аталар ерлігін көрсету, осы адамдардың арқасында бейбітшіліктің келгенін түсіндіру – біздің парызымыз.

© Sputnik Қазақстан, Sputnik / Медиабанкке өтуЕкі жүз мыңға жуық қазақстандық қан майданнан оралмады
Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты - Sputnik Қазақстан
Екі жүз мыңға жуық қазақстандық қан майданнан оралмады

Қайғы мен қасіретке толы және мәңгі жадымызда болатын күні Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі, "Комсомольская правда в Казахстане", "Аргументы и факты в Казахстане" және "Время" газеттері келесі жылы 9 мамырда бүкіл әлем атап өтетін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған бірлескен жобаны іске қосады.

Бұл жобаны "СТРОКИ ПАМЯТИ, ЛИКИ ПОБЕДЫ" деп атадық.

© Sputnik Қазақстан, Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өту2020 жылдың 9 мамырында бүкіл әлем Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді
Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты - Sputnik Қазақстан
2020 жылдың 9 мамырында бүкіл әлем Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді

Бір жыл бойы біз ел қорғаған ерлер туралы талмай жазатын боламыз. Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы қандай да бір мәлімет алу үшін ардагерлер кеңесі, архивтер, мемлекеттік органдармен жұмыс істейміз. Бірақ, ең алдымен, сіздерден осындай әңгімелер күтеміз, құрметті оқырмандар.

© Sputnik Қазақстан, Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуҚан майданның қаһармандары ешқашан ұмытылмақ емес
Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты - Sputnik Қазақстан
Қан майданның қаһармандары ешқашан ұмытылмақ емес

Үйлеріңізде сақталған хаттар, суреттер, құжаттар болса, бізге жіберіңіздер. Қан майданның қаһармандары туралы біз айтуымыз керек, жазуымыз керек. Оларды келер ұрпақ мақтан тұтып, ұмытпауы тиіс.

  • "Sputnik Қазақстан" ақпарат агенттігінің редакциясы
  • "Комсомольская правда в Казахстане" газетінің редакциясы
  • "Аргументы и факты в Казахстане" газетінің редакциясы
  • "Время" газетінің редакциясы.

Құрметті оқырмандар!

Ортақ жобаның аясында Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі "Қан майданнан оралмаған қаһармандар жылы" мультимедиялық жобасы жобасын іске қосқанын жариялайды.

Арнайы жоба аясында Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыста қаза тауып, кейін мемлекеттік наградалар алған қазақстандықтар туралы жазамыз.

Майданнан қайтып келмеген туысыңыз туралы айтып беру үшін мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: Нұр-Сұлтанда +7 7172 68 99 04, Алматыда ‎+7 727 346 6730 немесе sputnik.kazakhstan@gmail.com электронды поштасына жазыңыз.

Жаңалықтар
0