Өңірлер

Оралдық әйел бойындағы ерекше қасиетін әлемге паш еткісі келеді - фото

© Public Domain JillWellingtonСилуэт женщины на восходе солнца
Силуэт женщины на восходе солнца - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарлығаш Нығметова магнит сияқты темір-терсекті денесіне жабыстыра алады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Орал тұрғыны Қарлығаш Нығметова әлемнің Гиннесс рекордтар кітабына енгісі келеді. Ол жалпы салмағы 10 келі темір-терсекті магнит сияқты денесіне жабыстырып, ұзақ уақыт ұстап тұра алатынын көрсетпек, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мой ГОРОД (@moigorodkz)

"Бәрі 26 жыл бұрын тұңғыш қызымды дүниеге әкелгенімде басталды. Дәрігерлер мойын және бел омыртқам остеохондроз деген диагноз қойған еді. Сенгім келмей, емшілердің көмегіне жүгіндім. Бойымдағы биомагнитизмді дамытуға солар кеңес берді", - дейді Орал тұрғыны.

Емшілердің ақылын тыңдаған Нығметова қабілетін ұштай бастайды.

"Адам ағзасының мүмкіндігі шексіз. Өкінішке қарай, мұны көпшілік түсіне бермейді. Бойымда ерекше қасиет барын түсініп, дамыта бастадым. Осылайша, адамдарға көмектесе алатынымды білдім", - деді Қарлығаш Нығметова.

Ол бойындағы ерекше қасиетін халықтың игілігі үшін пайдаланғысы келеді. Қарлығаш науқастарды емдей алатынын түсініп, денсаулық сақтау министрлігінен емшілікпен айналысуға рұқсат сұрапты. Министрлік мақұлдаған соң, қазір Қарлығаш Нығметова заңды түрде емшілікпен айналысып, пациенттерді қабылдап жүр.

Нығметова алдағы уақытта әлемнің Гиннесс рекордтар кітабына енуге өтініш беруді жоспарлап отыр. Осылайша, ол адамың мүмкіндігі шексіз екенін, өз энергиясын басқарып, басқа адамдарға бере алатынын дәлелдегісі келеді.

Жаңалықтар
0