Қоғам

"Денсаулық" пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды?

© Sputnik / Абзал КалиевДенсаулық пойызы
Денсаулық пойызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медициналық пойыз 21 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде дәрігерлер шамамен 60 мыңнан астам адамды тексерістен өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Ақмола облысындағы Новоникольск ауылында – үлкен мереке. Олар таң атқаннан бері "Денсаулық" пойызы келіп тоқтаған Елтай теміржол станциясына ағылып жатыр. Тұрғындар білікті дәрігерлерге қаралуға асығуда.

Пойыз медициналық құралдармен жабдықталған 4 вагоннан тұрады, шағын бір емхана іспеттес. Әрбір вагонда педиатр, терапевт, кардиолог, гинеколог, окулист, хирург, уролог, онколог-маммолог және стоматолог жұмыс істейді. Тіпті, пациенттер мұндағы зертханада УДЗ және флюорографиядан өте алады.

© Sputnik / Абзал КалиевТаң атқаннан бері ауыл тұрғындары Елтай станциясына ағылып жатыр
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Таң атқаннан бері ауыл тұрғындары Елтай станциясына ағылып жатыр

Емханадағы сияқты дәрігерге қаралу үшін мұнда да кезекке тұрасыз.

Вагон-емханаға кірсеңіз, тіркеу бөліміндегі қызметкер сізге медициналық карта ашып, қандай дәрігерге қаралатыныңызды айтады.

Бір сағаттың ішінде шамамен 100 адам толық тексерістен өтті. Ауыл тұрғындары білікті дәрігерге қаралып, денсаулығын тексерткендеріне мәр-сәре болып жатты.

© Sputnik / Абзал КалиевДенсаулық пойызында дәрігерлер ауылдықтарға медициналық көмек көрсетуде
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Денсаулық пойызында дәрігерлер ауылдықтарға медициналық көмек көрсетуде

Қазақстанның астанасынан бір сағат жерде орналасқан ауылда шамамен 1500 адам тұрады. Елді мекендегі тұрғындардың басым бөлігі – егде жастағы азаматтар. Ал жастар Елтай теміржол бекетінде жұмыс істейді немесе сүт өнімдері мен ет сатып күнін көреді.

Ауылдағы жолдар күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл елді мекеннен кеңес үкіметі кезінде салынған әкімшілік ғимаратты да көре аласыз. Бір өкініштісі, Новоникольск ауылында емхана жоқ. Ондағы 1500 тұрғынға 1 фельдшер және акушер медициналық қызмет көрсетеді. Жақын маңдағы аурухана ауылдан 50 шақырым жерде орналасқан.

© Sputnik / Абзал КалиевАуыл тұрғындары үшін дәрігердің қабылдауында болу оңай шаруа емес
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Ауыл тұрғындары үшін дәрігердің қабылдауында болу оңай шаруа емес

"Денсаулық" пойызының бас дәрігері Гүлнәр Мәдиева шалғай елді мекен тұрғындарына денсаулықтарын күту оңай емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнда білікті дәрігерлер де, медициналық құралдармен жабдықталған зертхана да жоқ. Ал кейбір тұрғындар теміржол бекетіндегі вагонда алғаш рет медициналық тексерістен өтіп жатыр.

"Денсаулығын тексертпеген пациенттер көп. Аурулары асқынып кеткендері қаншама. Ауылдық жерде тұратын пациенттермен жұмыс істеудің бір қиындығы – олар уақытында дәрігерге қаралмайды әрі медицинадан хабары аз", - дейді терапевт.

© Sputnik / Абзал КалиевЕмханадағы сияқты мұнда да кезекке тұрасыз
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Емханадағы сияқты мұнда да кезекке тұрасыз

Осыған дейін Гүлнәр Мәдиева Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы шалғай ауылдарда болғанын айтады. Тексеріс барысында дәрігер кейбір тұрғындардан туберкулез, онкологиялық аурулар, қант диабеті, асқазан-ішек жолы аурулары анықталғанын жеткізді.

30 жастағы Оксана есімді әйел отбасымен бірге денсаулығын тексертуге келіпті.

Оның 7 жастағы үлкен қызына дәрігерлер "кіндік жарығы" деген диагноз қойған. Ал Оксана өзінің жүрегі ауыратынын айтады.

© Sputnik / Абзал Калиев "Денсаулық" пойызының бас дәрігері Гүлнар Мәдиева
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
"Денсаулық" пойызының бас дәрігері Гүлнар Мәдиева

"Хирург, окулист, кардиологтан тексерістен өттік. Дәрігерге тек денсаулығым сыр бергенде ғана келемін. Балалардың көбінесе тамағы, іші ауырады. Дәрігерлер үлкен қызымды елордадағы ауруханаға көрсету қажеттігін жеткізді. Қызыма операция жасайтын шығар", - дейді ол.

Ал зейнеткер Галина Ковтун соңғы кездері денсаулығы нашарлап кеткенін айтады.

© Sputnik / Абзал КалиевЗейнеткер Галина Ковтун
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Зейнеткер Галина Ковтун

"Осында қаралуға келдім. Жауырыным ауырып, мазам қашты. Дәрігерлер бір қабырғамның "өсіп" жатқанын айтты. Бұл пойыз бізге қажет. Себебі, қандай ауруға шалдыққанымызды, қалай емделетінімізді біле аламыз", - деп зейнеткер дәрігерлерге өзінің шексіз алғысын білдірді.

© Sputnik / Абзал КалиевПациенттер дәрігерлерге кезекте тұрғанда балалар арнайы алаңда ойнай алады. Бәрі қарастырылған!
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Пациенттер дәрігерлерге кезекте тұрғанда балалар арнайы алаңда ойнай алады. Бәрі қарастырылған!

Samruk-Kazyna Trust компаниясы бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева "Денсаулық" пойызында кез келген дәрігердің жұмыс істемейтінін атап өтті. Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлер бригадасын іріктейді. Сондай-ақ олар әрбір 10-15 күн ауысып отырады. Дәрігерлерге қолайлы болу үшін 4 вагонда олар демалып, ұйықтайтын орын қарастырылған.

© Sputnik / Абзал КалиевДенсаулық пойызы Қазақстандағы шалғай елді мекендер үшін жұмыс істейді
Денсаулық пойызы: Емханасы жоқ ауыл тұрғындары дәрігерлерге қалай қаралды? - Sputnik Қазақстан
Денсаулық пойызы Қазақстандағы шалғай елді мекендер үшін жұмыс істейді

Сондай-ақ дәрігерлердің жуынатын арнайы бөлмесі де бар. Олар 4 рет ыстық тамақпен қамтасыз етіліпті.

Айта кетейік, "Денсаулық" медициналық пойызы 29 сәуірде жолға шыққан, 21 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін дәрігерлер еліміздің 14 өңіріндегі 195 бекетте болып, 19 мың шақырым жолды жүріп өтеді.

Олар шамамен 60 мыңнан астам адамды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отыр. Медициналық пойыз бір бекетте 1-2 күн ғана аялдайды.

© Sputnik / Абзал КалиевПоезд здоровья
Поезд здоровья - Sputnik Қазақстан
1/3
Поезд здоровья
© Sputnik / Абзал КалиевПоезд здоровья
Вагон-емханаға кіреберісте дәрігерлерге жолдама беріледі  - Sputnik Қазақстан
2/3
Вагон-емханаға кіреберісте дәрігерлерге жолдама беріледі
© Sputnik / Абзал КалиевЛаборатория в "Поезде здоровья"
 Денсаулық пойызындағы зертхана - Sputnik Қазақстан
3/3
"Денсаулық" пойызындағы зертхана
1/3
Поезд здоровья
2/3
Вагон-емханаға кіреберісте дәрігерлерге жолдама беріледі
3/3
"Денсаулық" пойызындағы зертхана

"Денсаулық" пойызы – әлеуметтік жоба. Ол 2010 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы, Samruk-Kazyna Trust, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен қолға алынған.

Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаға 473,8 миллион теңге бөлген.

Жаңалықтар
0