Саясат

"Тіл табысқым келеді": Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуВстреча президента РФ Владимира Путина и президента США Дональда Трампа в Хельсинки
Встреча президента РФ Владимира Путина и президента США Дональда Трампа в Хельсинки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
28-29 маусымда Осака қаласында "Үлкен жиырмалық" саммиті өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінде Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесетінін растады.

"Ресеймен тіл табысқым келеді және сәті түседі деп ойлаймын. Қытаймен тіл табысқым келеді және сәті түседі деп ойлаймын. Келесі аптада Жапониядағы G20 саммитінде екеуімен де кездесемін", - деді Трамп Fox News сайтына берген сұқбатында.

Бұдан бұрын Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқандай, Ресей президенті мен АҚШ мемлекет басшысының кездесуі G20 саммиті қарсаңында өтуі мүмкін. Бірақ Песковтің сөзіне сүйенсек, осы орайда Вашингтон әлі ықылас танытып, бірінші қадам жасамаған көрінеді.

Тағы оқыңыз: Трамп Назарбаевтың отставкасына қатысты не ойлайтынын айтты

G20 саммиті 28-29 маусымда Осака қаласында (Жапония) өтеді. Ірі шараға мемлекет басшылары, делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерін қосқанда 30 мың адам қатысады.

Жаңалықтар
0