Қоғам

ҰБТ-2019: тест нәтижелерін қайдан білуге болады

© Sputnik / Абзал КалиевҰлттық бірыңғай тестілеу 2019
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық бірыңғай тест нәтижелерімен танысудың бірнеше жолы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. 20 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер 169 пунктіде сынақ тапсырады.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Сынаққа қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның 96 380-і - осы жылғы түлектер. Өткен жылы мектеп бітіргендердің саны - 20 862, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болады

Ұлттық бірыңғай тест нәтижелерімен танысудың бірнеше жолы бар. Олар:

  • @edu.gov.kz_bot telegram-боты;
  • edu.mail.kz сайты;
  • Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz ресми сайты. Бұл сайтта тест қорытындысымен танысу үшін әрбір тест тапсырушыға берілетін ТЖК, яғни жеке код қажет.  

"Біз барлық түлектер мен ата-аналардан тест тапсыру кезіндегі заңбұзушылықтарға бей-жай қарамауды сұраймыз. Егер сіздерге "дұрыс жауап кодын" сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз  +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз", - деп жазылған білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомстводағылар хабарласқан адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік берген.

© Sputnik / Абзал КалиевҰлттық бірыңғай тест тапсырушыларды тексеру сәті
ҰБТ-2019: тест нәтижелерін қайдан білуге болады - Sputnik Қазақстан
Ұлттық бірыңғай тест тапсырушыларды тексеру сәті

Тест бойынша туындаған сұрақтарға жауап беру мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 call-орталығы жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0