НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. Ан-2 ұшағы әуеге көтерілген кезде, электр желісі бағанасын қағып кетіп, "Родина" агрофирмасының территориясына құлады, деп хабарлады кәсіпорын басшысы Иван Сауэр Sputnik Қазақстанға.
"Ұшқан соң, биікке көтеріліп үлгермей, қанатымен электр желісі бағанасына соғылып, құлап түсті", - деп Сауэр апаттың мән-жайын айтты.
Оның айтуынша, қазір электр желісіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Тағы оқыңыз: Министр Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді
Химиялық өңдеу жүргізгенде үнемі осындай жеңіл ұшақтар (кукурузник) пайдаланылады, дейді Сауэр.
"Иә, бұл – біздің территория. Ұшақ пар айдайтын жерге (дақылдар егілмеген, арамшөп қаптап кетпес үшін уақытылы өңделетін жер) құлады, - деді агрофирма бастығы.
Ан-2 апаты
20 маусымда сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан он шақырым жерде Ан-2 ұшағы құлады. Әуе кемесі егістік алқабында химиялық өңдеу жүргізбек болған.
Оқиға салдарынан ұшақ командирі қаза тапты. Тағы екі экипаж мүшесі ауруханаға жеткізілді. Sputnik Қазақстан мәліметінше, зардап шеккендер аса ауыр халде жатыр.