НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Нығматулин мемлекет басшысына мәжілістің атқарып жатқан жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жайында баяндады. Сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте астанада өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізуге дайындық қалай жүріп жатқанын айтты.
Тағы оқыңыз: "Кейін көреміз оны": Нығматулин қарсы дауыс берген депутат туралы пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі реформаларды сапалы заңмен сүйемелдеп, заң жобаларын дер кезінде қабылдау қажеттігін ескертті.
Кездесу соңында Қазақстан президенті мәжіліс төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
© Photo : Официальный сайт президента РКҚасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
© Photo : Официальный сайт президента РК