Қоғам

Бозымбаев жаңа министрлікке басшы болған орынбасары туралы ойын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев
Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылған болатын. Ал Бозымбаевтың бұрынғы орынбасары Мағзұм Мырзағалиев жаңа ведомствоның министрі қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңа министрлікті құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жақында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылған болатын. Оған энергетика министрлігінің бірқатар өкілеттігі берілді. Ал Бозымбаевтың бұрынғы орынбасары Мағзұм Мырзағалиев министр қызметіне тағайындалды.

"Меніңше, экология мен табиғи ресурстар мәселелерін бөлек шығарып, арнайы министрліктің құзіретіне берілгені дұрыс шешім болды. Қоршаған ортаны қорғауды арнайы мемлекеттік орган реттеуі тиіс", - деді Бозымбаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, энергетика мен экология мәселелері бөлек болса, бір мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасары арасында қарама-қайшылықтар болмайды.

"Маған энергетика мен экологияны бір министрлікте ұстаған дұрыс па, жоқ па, осы мәселеге қатысты бірнеше рет сұрақ қойған. Негізі, дамыған мемлекеттердің бір бөлігі аталған мәселелерді қатар ұстайды. Енді бірі екі бөлек министрлікке тапсырған. Сондықтан ол сұраққа нақты жауап беру қиын", - деп атап көрсетті Бозымбаев.

Тағы оқыңыз: Асқар Жұмағалиев жаңа министрлікті басқаратын болды

Министр өзінің бұрынғы орынбасары Мағзұм Мырзағалиевтің жұмысына да баға берді.

"Мағзұм Маратұлы – тәжірибелі басшы. 6 жылдан астам уақыт бойы энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Үш министрмен жұмыс істеді. Төрт үкіметпен істеді-ау деймін. Біздің министрлігімізде жер қойнауын пайдалану жұмысына жауап берді. Геология мәселелерін жақсы біледі. Экологияға жауапты вице-министрлер болмағанда олардың жұмысын істеді. Сондықтан экология мәселелерін де жақсы біледі", - деді Бозымбаев.

Жаңалықтар
0