Қоғам

Дәленов: Қазақстан интернет-сәлемдеме үшін өте тиімді орналасқан

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНоутбук, архивтегі фото
Ноутбук, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Интернетте сауда жасайтындар табыс салығы мен корпоративтік табыс салығынан бірнеше жылға босатылған

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Таяу жылдары Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайтуға болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде электронды сауда өте белсенді дамуда және перспективті сектор болып саналады.

"Жалпы, әлемде таяудағы бес жылда электронды сауда айналымы 1 триллион долларға өседі деп болжанып отыр. Біз Еуропа мен Қытай арасында, яғни тұтынушы мен сәлемдеме жөнелтуші арасында өте тиімді орналасқанбыз. Сондықтан көлік ағынын Қазақстан арқылы өткізудің келешегі зор. Бұған барлық инфрақұрылым бар, кедендік түзетулер де енгізілген", - деді Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде.

Министр таяу жылдары Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайтуға болады деп санайды. Ол онлайн сауданы ынталандыру үшін интернетте сауда жасайтындар табыс салығы мен корпоративтік табыс салығынан бірнеше жылға босатылғанын атап өтті.

Бұған қоса, экспортқа шығатын тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдеген. Енді пошта декларация ретінде танылады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев WhatsApp арқылы тапсырма беретінін айтты

Жаңалықтар
0