Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның үздік түлектері әкімнің қолынан "Алтын белгі" алды - фото

© Sputnik / Абзал КалиевВыпускники столичных школ
Выпускники столичных школ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Қазақстан астанасында 294 оқушы мектепті үздік бағаға тәмамдаған

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым - Sputnik. Eлорда әкімі Алтай Көлгінов "Алтын белгі" иегерлерін құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2018-2019 оқу жылдары Нұр-Сұлтанда 6274 оқушы мектеп бітірген. Оның 294-і білім ордасын үздік бітіріп, "Алтын белгі" төсбелгісіне ие болыпты.

Тағы оқыңыз: Биыл Қазақстанда қанша грант бөлінді?

Биыл №54 мектеп-лицейінің 151 түлегі мен №75 білім ордасының 143 түлегі оқуды үздік бағаға тәмамдап, "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл - қаладағы ең үздік көрсеткіш.

"Алтын белгі" иегерлерін марапаттау рәсімі оқушылар сарайында өтті. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мектепте озат оқыған түлектерді құттықтады.

"Сіздерді өмірлеріңіздегі маңызды сәт - мектепті бітірулеріңізбен құттықтаймын. Биыл 6274 түлек емтихан тапсырып, оқуды сәтті аяқтады. Оның 294-іне "Алтын белгі" табысталды. Үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Алдарыңызға нақты мақсат қойыңыздар", - деп қала басшысы оқушыларға ақылын айтты.

Sputnik Қазақстан тілшісі мектепті үздік бағаға бітірген оқушыларды әңгімеге тартты. №1 мектеп-лицейінің түлегі Лариса Алексенконың айтуынша, ол барлық пәннен сүрінбей өткен.

Тағы оқыңыз: ҰБТ тақап қалды: жаңа білім министрі түлектерге қандай кеңес берді?

"5 пәннен емтихан тапсырдым: Қазақстан тарихы, матеметика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі. Барлығы ойдағыдай болды. Нәтижесінде "Алтын белгі" иегері атандым. 11 жылғы еңбегім ақталып, қуанып тұрмын. Ата-анаммен ақылдасып, қаржы мамандығын игеремін деп шештім. Енді тек ҰБТ-ны сәтті тапсыру қажет", - дейді елордалық оқушы.

© Sputnik / Дәурен Ерболат№1 мектеп-лицейінің түлегі Лариса Алексенко
Нұр-Сұлтанның үздік түлектері әкімнің қолынан Алтын белгі алды - фото - Sputnik Қазақстан
№1 мектеп-лицейінің түлегі Лариса Алексенко

№10 мектеп-гимназиясының түлегі Бауыржан Төребеков болашағын ақпараттық технологиялармен байланыстырғысы келеді.

"Мектептегі емтиханды тапсырып, "Алтын белгі" иегері атандым. Болашақ мамандығымды таңдап қойдым. Ол ІT саласымен байланысты. ҰБТ-ға дайындалып жатырмын", - дейді түлек.

© Sputnik / Дәурен Ерболат№10 мектеп-гимназиясының түлегі Бауыржан Төребеков
Нұр-Сұлтанның үздік түлектері әкімнің қолынан Алтын белгі алды - фото - Sputnik Қазақстан
№10 мектеп-гимназиясының түлегі Бауыржан Төребеков

Ал №4 мектеп-гимназиясының түлегі Айбике Жағипарова емтиханда ешқандай қосымша курсқа бармай өзім дайындалдым дейді.

"Бұл белгіні алу оңай болған жоқ. 11 жыл оқыдым, еңбектендім. Басқа оқушылар қосымша курстарға барғанда, мен үйде дайындалдым. Еңбегімнің жемісін бүгін көріп отырмын. ҰБТ-ға дайындық жақсы. Бесінші пән ретінде физиканытаңдадым. Болашақта инженер болғым келеді", - деді "Алтын белгі" иегері.

© Sputnik / Дәурен Ерболат№4 мектеп-гимназиясының түлегі Айбике Жағипарова
Нұр-Сұлтанның үздік түлектері әкімнің қолынан Алтын белгі алды - фото - Sputnik Қазақстан
№4 мектеп-гимназиясының түлегі Айбике Жағипарова
Жаңалықтар
0