Қоғам

Дәрігер дұрыс қарамаса, кімге арыздану керек?

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуВрач в поликлинике, архивное фото
Врач в поликлинике, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің әр қала мен әр өңірде департаменттері бар

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сапасыз медициналық қызметке тап болған азаматтарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде әрбір қалада, тіпті әрбір аудан орталығында жергілікті департаменттер бар. Ол департаменттер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарайды. Бұл – қайта құрылған комитет. Министрліктің ресми сайты арқылы комитетке шығуға болады. Сол жерде жергілікті департаменттердің байланыс телефондары да көрсетілген", - деді Біртанов есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, дәрігерлер өз жұмысын дұрыс атқармаса, медициналық қызмет сапасыз көрсетілсе, сол департаменттерге жазбаша арыз тапсыру қажет.

Тағы оқыңыз: Елжан Біртанов бас дәрігерлерге ескерту жасады

"Негізі, біз әлеуметтік желілерге шығатын арыз-шағымдарды да оқып отырамыз. Алайда оның бәрін ресми түрде тіркеуге құқығымыз жоқ. Заң бойынша жаңағы комитетке, я болмаса, жергілікті департаменттерге жазбаша түрде арыз беру керек", - деп атап көрсетті Біртанов.

Жаңалықтар
0