Қоғам

Жаңа білім министрі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты

© Photo : Служба центральных коммуникацийАсхат Аймагамбетов
Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі жобалық кеңсе ашуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жемқорлықпен күрес стратегиясын қайта қарастырып жатыр. Бұл туралы ведомствоның жаңа басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аймағамбетов жемқорлыққа қарсы күрес министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

"Біз қазір жобалық кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Онда жемқорлықты жою бағытында нақты шаралар қабылданады. Бұған қоса, барлық құқықтық актіге, реттелмеген мәселелерге талдау жүргіземіз", - деді ол үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мониторинг жасайтын арнайы топтар құрылады. Оның құрамына БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдері кірмек.

Тағы оқыңыз: Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

"Мен жаңа министр ретінде мұның маңызды мәселе екенін түсінемін. Бұған қоса, біз қазір жемқорлықпен күрес стратегиясын қайта қарастырып жатырмыз. Маңыздысы ұстап алғаннан кейінгісі емес. Мәселе нормативтік құқықтық кемшіліктерде болып тұр. Бұл кемшіліктер көп жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмысына себеп болып жатады", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Білім саласындағы жемқорлық дауы

24 мамырда білім және министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшылары парамен ұсталғаны белгілі болды.

Көп ұзамай білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның үстінен іс қозғалды. Ол лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланды, пара алды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінді. Вице-министр екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тағы оқыңыз: Екі күннен соң ҰБТ басталады: жаңа білім министрі түлектерге қандай кеңес берді?

13 маусымда білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ол бұл қызметте төрт айдай ғана істеді.

Жаңалықтар
0