Саясат

Асқар Жұмағалиев жаңа министрлікті басқаратын болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАсқар Жұмағалиев
Асқар Жұмағалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Жұмағалиев басшылық еткен цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Асқар Жұмағалиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі деген атауға ие болған жаңа министрлікті басқаратын болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - деп жазылған жарлықта.

Бұған дейін Жұмағалиев цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне басшылық еткен болатын.

17 маусым, дүйсенбі күні президент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, үш ведомство қайта құрылды. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өзінің өкілеттігін индустрия және ұлттық экономика министрліктеріне берді. Ал Жұмағалиев басшылық ететін министрлік картография және инновация саясаты саласындағы жаңа функцияларды алды.

Жұмағалиев туралы не білеміз?

Асқар Қуанышұлы 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.

Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған. Одан кейін "Радиобайланыс, радиотарату және теледидар" мамандығы бойынша қазақ ұлттық техникалық университетінде оқыды. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.

Тағы оқыңыз: Министрдің жауабы мәжіліс депутаттарын ду күлдірді

Еңбек жолын 1996 жылы "Жарық" ЖШС бас директоры қызметінен бастады.

Әр жылдары "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығының" басқарма басшысы, "Қазақтелеком" АҚ-ның президенті, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып еңбектенді.

Жаңалықтар
0