Саясат

Тоқаев мемлекеттік күзетке қандай жігіттер іріктеліп алынатынын айтты

© Photo : Официальный сайт президента РККасым-Жомарт Токаев встретился с руководящим составом Службы государственной охраны
Касым-Жомарт Токаев встретился с руководящим составом Службы государственной охраны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, мемлекеттік күзет қызметіне біліктілік, идеология және интеллект тұрғысынан дайын жас жігіттер қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметінің басқарушы құрамымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жеке құрамға мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды.

Тағы оқыңыз: Әнуар Садықұлов туралы не білеміз?

Күзет қызметі басшысы Қазақстанның мемлекеттік күзет жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндама оқыды.

"Мемлекеттік күзет қызметі – төтенше маңызды ұйым. Сіздер қызмет атқару барысында осыны қаперде ұстаңыздар. Мемлекеттік күзет қызметіне айрықша міндеттер жүктеледі. Сондықтан, мемлекеттік күзет мәселесі әрқашан басты назарда болады. Тапсырылған іске барынша адалдық танытып, жоғары кәсіби дайындықтарыңызды көрсететіндеріңізге сенімдімін", – деді Тоқаев.

Қазақстан президенті ішкі және сыртқы қауіп-қатердің құбылмалы жағдайында күзет қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талап өте жоғары болатынын атап өтіп, қызметке біліктілік, идеология және интеллект тұрғысынан дайын жас жігіттер іріктеліп алынатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

"Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерінде келіссөздер жүргізуге қажетті дипломатиялық дағдыларға сәйкес келетін әскери біліктілік, қырағылық, ақпаратты қорыта білу сияқты сапалық қасиеттер болуы тиіс. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы саясатты түсінетін және білетін саяси білімі жетік болуы қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының жұмысымен танысып, мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс кабинеттерін аралап көрді. Сондай-ақ, күзет қызметінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0