НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ресейдің Саратов қаласында 23 жастағы қызға өзіне ескерту жасаған кісіні өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Тергеу комитетінің өңірлік басқармасының сайтында айтылған.
Оқиға 15 маусымға қараған түні болыпты. Тергеу мәліметінше, бір топ қыз-келіншек тәулік бойы істейтін дүкенге кіреді. Олардың бірі бос темекі қорабын жерге тастай салған, сол кезде бір кісі ескерту жасап, екеуі сөзге келіп қалады.
Тағы оқыңыз: Туысы бөлшектеп тастаған: Алматыда аса ауыр қылмыс ашылды
Даудың арты көшедегі жанжалға ұласып, қыздар 27 жастағы ер азаматты ұрып-соға бастайды. Төбелес кезінде біреуі жігіттің арқасына пышақ сұғып алған.
Жарақат алған жігіт ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Арқасына сұғылған пышақ өкпесіне зақым келтіріпті.
Күдіктілерді Ресейдің гвардия қызметкерлері қолға түсірді. Кісі өлтірді деген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.