НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова Азия чемпионаты кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Біріншілік Қытайдың Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өткен.
Динара 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 ұпайдың 7,5-ін еншіледі, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
"Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз", - деп федерация 23 жастағы спортшыны құттықтады.
Азия біріншілігінде жеңіске жеткен Динара Сәдуақасова Әлем кубогының іріктеу кезеңінен өтті.
Тағы оқыңыз: Шахмат баланың бойындағы қандай қасиеттерді дамытады?
Атап өтсек, республика намысын бұл турнирде үш шахматшы қорғады: Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. Жарыстың жүлде қоры – 80 мың доллар.