Оқиға

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобустың сынған шынысы
Автобустың сынған шынысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлікте оқиға кезінде екі бала мен алты ересек адам болған

ТАЛДЫҚОРГАН, 15 маусым - Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының маңында автобус аударылды. Ол үлкен Алматы каналына түскен. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Жолаушылар Талғардан Алматыға бара жатқан. Ішінде екі бала мен жүргізушімен бірге алты ересек адам болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГРЭС | ӨТЕГЕН БАТЫР (@gres_big_family)

Алдын ала мәліметке сәйкес, апатқа көліктің дөңгелегіндегі ақау себеп болған, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жол апаты түскі сағат үш кезінде Талғар – Алматы жолында болды. Автобус жүргізушісі - 56 жастағы ер адам. Апат салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді", - деп хабарлады облыстық полиция.

Оқиға бойынша тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0