Саясат

Путин Тоқаевты 2020 жылғы Жеңіс парадына шақырды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Жеңістің 75 жылдығына орай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен бірге мерекелік іс-шаралар өткізуге ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларын 2020 жылы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына шақырды.

Путин Ресейде Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер мен тарихи шындықты сақтауға үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті.

"Келесі жылы Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңудің 75 жылдығы аталып өтеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы серіктестерімізбен бірге ауқымды мерекелік бағдарлама өткізуді жоспарлап отырмыз және барлық қатысушы мемлекеттерді осы жұмысқа атсалысуға шақырамыз. Құрметті әріптестер, сіздерді осы шараларда, соның ішінде, Мәскеудегі Жеңістің мерейтойын мерекелеу кезінде көргіміз келеді"- деді Путин Бішкектегі ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде.

Путин Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар кеңесі қосылуы мүмкін екенін айтты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы пайда болды, оны Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды. 2017 жылы Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға қабылданды.

Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бақылаушы мемлекеттер мәртебесіне ие.

ШЫҰ саммиті бүгін Бішкекте өтіп жатыр. Оған ШЫҰ-ны ең тиімді халықаралық бірлестіктердің бірі деп атаған Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Жаңалықтар
0