Саясат

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаты мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - деп жазылған президенттің жарлығында. 

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Анар Жайылғанова мәжіліс депутаты болды.

© Photo : официальный сайт мажилис парламента РКАнар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Айта кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді: мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Анар Жайылғанова туралы не білеміз?

Анар Жайылғанова 1969 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірді.

Ол көп жылдар сот жүйесінде еңбек еткен. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша аға кеңесшісі ретінде бастайды. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, әділет министрлігінің сот жүйесін жетілдіру және талдау басқармасының басшысы, президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы қызметін атқарады. 

2000 жылы Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі, ал 2004 жылы Жоғарғы соттың судьясы болады. Кейін Конституциялық кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 

2016 жылдың наурызында Анар Жайылғанова "Нұр Отан" партиясы атынан Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ол мәжілістегі заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. 

Жаңалықтар
0