Өңірлер

Түркістан облысында жемқор басшылар сотталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызметкерлерге 13,3 миллион теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Түркістан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Рахмет Бектаевтың пара алғаны сотта дәлелденді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысындағы департаменті өңірдегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Р.Бектаев пен осы мекеменің бөлім басшысы Т. Тасболатқа және  "Сұңқар Building" ЖШС басшысының орынбасары А. Ботановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Лауазымды тұлғалар "KazGeoStandart" компаниясының ізденіс жұмыстарын жүргізуге лицензия беруі үшін А. Ботанов арқылы 380 мың теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ Бектаев бағынышты қызметкерлерінен сыйлықақы төлемдерін жинап, үлестес тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысқан", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

2019 жылдың 7 маусымында Түркістан қаласы сотының үкімімен Бектаев пен Тасболат сыбайлас жемқорлық жасады деп танылып, 13,3 миллион теңге айыппұл салынды.

"Ботанов делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды, ол 1,9 миллион теңге айыппұл төлейді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталғандар 2 ай ішінде айыппұлды төлеуі керек.

Олар айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.   

Жаңалықтар
0