НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан монша кешенінің аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Құсайынов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан монша кешенінде болған. Өрт сөндірушілер жеткенде, ағаш қабырғалар түгел отқа ораныпты. Ауданы 900 шаршы метр кешен мен жеке тұрғын үйді шарпып кетуі мүмкін еді.

Алмалы ауданында монша өртенді
© Photo : ДЧС Алматы
Өртті сөндіруге 32 өрт сөндіруші мен 9 көлік қатысты. Олар өрттің басқа ғимараттарға ұласуының алдын алды.

Монша маңындағы басқа ғимараттарды жалын жарпыған жоқ
© Photo : ДЧС Алматы
Өрт 09:33-те сөндірілді. Аумағы – 150 шаршы метр. Ешкім зардап шеккен жоқ.
