НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық орындарында кездейсоқ болған адамдарды босатуды тапсырды.
"Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 12 июня 2019 г.
Бұған дейін Бас прокуратура заңсыз митингілер, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтінін түсіндірген еді.
Тағы оқыңыз: Қазақстан қалаларындағы митингілер – ІІМ оқиға орнынан видео жариялады
Заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар адамдарға қолданыстағы заң аясында қылмыстық жауапкершілікке дейін, ең қатаң шаралар қолданылатыны хабарланды.