Саясат

Мәжіліс спикері наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы митинг
Алматыдағы митинг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нығматулин билік пен халық арасындағы диалог заң қағидаттарына ғана негізделетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин митингіге шығу демократия мен өркендеуді таңдаған мемлекеттің жолы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.  

Нығматулиннің айтуынша, ереуілге шыққан, заңсыз ұран сөздер айтып, арандатушылыққа жол берген мемлекеттер өз даму жолын артқа шегіндіреді.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы наразылық орындарында кездейсоқ болған адамдарды босатуды тапсырды

"Ал біздің бағасы биік құндылықтарымыз көп. Тәуелсіздік алған санаулы уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының және барша қазақстандықтың ерен еңбегінің арқасында табысты мемлекет құрдық. Қазақстан посткеңестік кеңістікте барлық салада, экономикада, әлеуметтік бағытта алдыңғы қатарлы мемлекет саналады. Бұл бүкіл әлемде мойындалған", - деді ол.

Мәжіліс спикері атап өткендей, біздің еліміз бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің үлгісі саналады. Барлық уақытта билік қоғаммен диалогқа ашық екенін көрсетіп келеді.

"Бүгінгі сөйлеген сөзінде сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы мәлімдеді. Билік пен халық арасындағы диалог тек қана заң қағидаттарына негізделеді",-деді Нығматулин.

Ол әрқашанда көрегендігімен, ақылдылығы мен ерекшеленетін Қазақстан халқы бүгінгі жағдайда да өзінің даналығын көрсететіне сенім білдірді.  

Жаңалықтар
0