Қоғам

Әр балаға – 21 мың теңге: Сапарбаев алаяқтық жасағандар жауапқа тартылатынын айтты  

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр көпбалалы отбасылар өз табысын дұрыс көрсетпесе, қандай шара қолданылатынын түсіндірді  

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандардың жазаланатынын мәлімдеді.

"Нақты шара қабылданады. Жолдары да бар. Біз қазір оларды прокуратура органдарына беріп жатырмыз. Солар тексереді. Егер алаяқтық анықталса, онда қылмыстық жазаға тартылады", – деді Сапарбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындағанда делдалдар жәрдемақыны алып беруге көмектеседі. Алдымен осы адамдар жазаға тартылады.  

Тағы оқыңыз: Сапарбаев көпбалалы аналардың нені талап етіп жүргенін айтып берді

"Мысалы, жұмыспен қамту орталығы мен көпбалалы ананың арасында делдал болып, соның ақшасын алып беріп, кішкене ақшасын өзі алса, ең бірінші солар жазаланады. Сосын көпбалалы отбасылар өз табысын дұрыс көрсетпесе, жауапқа тартылады. Қазір біз ол жұмысты кейбір өңірлерде жүргізіп жатырмыз. Біткеннен кейін прокуратура органдарына тапсырамыз", - деп атап көрсетті Сапарбаев.

Жаңалықтар
0