НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны полицияға барып, қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Ол жалғыз өзі анасын іздеуге шығып кеткен, деп жазады Otyrar.kz.
Отбасы жайлауда тұрады екен. Қыздың анасының психологиялық ауытқуы бар. Сол күні ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Кәмелеттік жасқа толмаған қызы анасын өзі тауып алмақ болыпты. Атқа мініп, іздеуге шыққан.
Тағы оқыңыз: Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Қыздың анасы сол күні үйіне өзі жалғыз оралды.
Ал полицейлер қызды екі күн бойы іздеген. Қазір көрші ауылдан табылған қыз дін аман.