Саясат

Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев Ақордада БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң бойынша жаңадан сайланған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізілуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтуі мүмкін. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік және отандық БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президентті ұлықтау рәсімін 12-сі (маусым – Sputnik) өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер сол уақытқа қарай Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жинақтап, ресми есепті жариялап үлгерсе, әрине. 14-і күні маған Бішкекке ұшу керек, одан кейін Душанбе, ірі халықаралық шаралар бар. Сондықтан Қазақстан Республикасының президенті өз өкілеттігінде болғаны жақсы", - деді Тоқаев.

Ұлықтау рәсімі қалай өтеді

Заң бойынша жаңадан сайланған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі. Мемлекет басшысы анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.

Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ елдің барлық бұрынғы президенттерінің қатысуымен өткізіледі.

Президент елдің Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан республикасының мемлекеттiк гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.

Президент сайлауы

Айта кетсек, 10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

© Штаб кандидата в президенты Республики Казахстан Касым-Жомарта ТокаеваҚасым-Жомарт Тоқаев Exit Poll қорытындысын Nur Otan партиясында өз штабымен бірге тыңдады
Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Exit Poll қорытындысын Nur Otan партиясында өз штабымен бірге тыңдады

Өңірлер бойынша сараласақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей президенттері құттықтап үлгерді. 

Жаңалықтар
0