Саясат

Тоқаев Ресей және Қытаймен арадағы қарым-қатынас туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев Ақордада шетелдік және отандық журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада шетелдік және отандық журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңадан сайланған президент Ресей, Қытай мен Орталық Азия елдерімен арадағы қарым-қатынасты дамытуға күш салатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдермен арадағы байланыстарды дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәселен, бізде Ресеймен екі жақты байланыстарды дамытуға арналған үлкен бағдарлама бар. Мен Мәскеуде болғанда Владимир Путинмен Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары бойынша жұмыста жалғастыра береміз деп келістік. Негізі, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осы байланыстардың нығаюына көп үлес қосты", - деді Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекет басшысы 14 маусымда Қырғызстанға сапар жасайтынын да айтты. Ол жақта Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Одан кейін Душанбеге барады.

"Жалпы, мен өзіміздің көршілеріміз – Ресей, Қытай мен Орталық Азия елдерімен арадағы қарым-қатынасты дамытуға күш салатын боламын", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді

Жаңалықтар
0