НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Шілде айындағы 31 күннің тоғызы демалыс болады.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес 6 шілде – Елорда күні демалыс болады. Биыл бұл күн сенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні 8 шілде – дүйсенбіге ауыстырылады. Яғни бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 6, 7 және 8 шілдеде демалады.
Тағы оқыңыз: 2019 жылы 120 демалыс және мереке күні болады
2008 жылдан бастап Елорда күні мемлекеттік мейрам – демалыс күні болып жарияланды.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған болатын.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қайда шомылуға болады