Қоғам

Қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау 2019
Сайлау 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жолғы президент сайлауында сайлаушылардың жалпы саны – 11 947 995 адам

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша –  56,7%;
  • Ақтөбе облысы  – 69,4%;
  • Алматы облысы – 63,0%;
  • Атырау облысы  –  45,4%;
  • Шығыс Қазақстан облысы  – 59,8%;
  • Жамбыл облысы – 56,3%;
  • Батыс Қазақстан облысы  – 40,9%;
  • Қарағанды облысы – 49,7%;
  • Қызылорда облысы  – 63,1%;
  • Қостанай облысы – 55,8%;
  • Маңғыстау облысы – 52,4%;
  • Павлодар облысы  – 45,9%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 53,6%;
  • Түркістан облысы – 49,3%. 
  • Нұр-Сұлтан қаласы  – 37,6%;
  • Алматы қаласы  – 37,0%;
  • Шымкент қаласы – 40,5%. 

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді 

Өткен 2015 жылғы президент сайлауында дәл осы уақытта дауыс беруге келгендер саны 68,48% -ті құраған болатын.

Президент сайлауы қалай өтіп жатыр

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

© Sputnik / СтрингерҚазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді
Қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді - Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр. 

Президенттікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Жаңалықтар
0