Қоғам

Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау учаскелері жабылып жатыр
Сайлау учаскелері жабылып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлаудың алдын ала қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы сағат 00:00-де жариялайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Қазақстанның тоғыз өңірінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері жабылды.

Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облысындағы сайлау учаскелері елорда уақытымен сағат 21:00-де жабылады.  

Бұл – Қазақстандағы алтыншы президент сайлауы. Оған жеті кандидат қатысты. Nur Otan партиясы атынан сайлауға қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев түсті.

Президенттікке кандидаттар

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 

Шетелде қанша қазақстандық дауыс берді

9 маусымдағы жағдай бойынша шетелдегі сайлаушылар тізіміне Қазақстаның 15 349 азаматы енгізілген. 19:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі сайлау учаскелерінде 8322 қазақстандық дауыс берді.

"Шетелде дауыс беру процесі тыныш өтіп жатыр. 12 учаскеде Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарынан, қоғамдық бірлестіктер мен ТМД миссиясынан 35 бақылаушы бар. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 8 322 қазақстандық дауыс берді. Бұл тізімге енген сайлаушылардың 54,2 процентін құрайды", - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Василенко.

Тағы оқыңыз: Шетелдегі 8 мыңнан аса қазақстандық сайлауда өз таңдауын жасады

Айта кетсек, шетелде 65 сайлау учаскесі ашылған болатын. Жапониядағы Васэда университетінде оқитын Ілияс Құрманғали кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген алғашқы қазақстандық атанды

Қазақстандағы президент сайлауы 

Бұған дейінгі кезектен тыс президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен болатын. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаушылардың 97,75%-і қолдады. 

Сайлаудың алдын ала қорытындысы (Exit Poll) сағат 00:00-де жарияланады деп күтіліп отыр. 

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвстриядан келген бақылаушылар
Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды - Sputnik Қазақстан
Австриядан келген бақылаушылар

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда сайлаушылар тізіміне 11 миллион 947 мың 995 адам енген. Тоғыз халықаралық ұйымнан 866 және 41 елден 147 бақылаушы келді. Барлығы - 1 013 адам. Сондай-ақ, 40 мемлекеттен келген БАҚ өкілдері  Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауынан хабар таратты. 

Жаңалықтар
0