Саясат

Президенттікке кандидат Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты

© Sputnik / Александр МирогловПрезиденттікке кандидат Дания Еспаева
Президенттікке кандидат Дания Еспаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш әйел кандидат дауыс беріп, сайлаудың ашықтығына баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. "Ақ жол" партиясының кандидаты Дания Еспаева елорданың №113 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сайлауалды үгіт-насихат кезінде тұңғыш әйел кандидат 12 өңірде болып, сайлаушылармен кездесті. Оның ойынша, басқа өңірлерді қамтығанда көбірек дауыс жинау мүмкіндігі артатын еді.

"Өкінішке қарай, барлық жерге бара алмадық. Бәлкім, барлық өңірді аралап үлгерсек, сайлаушылардың дауысын көбірек жинайтын едік. Бірақ мен барып үлгермеген жерлерде сайлауалды штаб жақсы жұмыс атқарып шықты", - дейді Еспаева.

Кандидат әйелдер мен кәсіпкерлер атынан сайлауға түскенін, сондай-ақ, өз жеңісіне сенімді екенін де жеткізді.

© Sputnik / Александр МирогловПрезиденттікке кандидат Дания Еспаева № 113 сайлау учаскесінде дауыс берді
Президенттікке кандидат Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты - Sputnik Қазақстан
Президенттікке кандидат Дания Еспаева № 113 сайлау учаскесінде дауыс берді

"Бүгін - мен үшін өте жауапты күн. Мен Қазақстан әйелдері, интеллигенция мен кәсіпкерлердің атынан шығып отырмын. Сондықтан сайлауға жеңіске жетемін деген сенімділікпен  түсіп отырмын", - деді Еспаева.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Оның айтуынша, сайлау ашық өтіп жатыр. Себебі барлық кандидаттың байқаушылары жүр.

"Меніңше, сайлау ашық және ойдағыдай өтіп жатыр. Жеті кандидат бар. Әрбіреуінің байқашылары жүр. Осының өзі сайлаудың ашық екенін көрсетіп отыр", - деді Еспаева.

Жаңалықтар
0