НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Қытайдан келген делегаттар экономикалық форумның пленарлық сессиясынан кейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді құлатып ала жаздады.
Отырыс аяқталған соң журналистер мен әр елден келген делегаттар сахнаға жүгіріп барады: біреулері спикерлерге сұрақ қойып жатса, екіншілері олармен фотоға түспекші болады, деп хабарлайды РИА Новости.
Нихао! Журналисты китайского пула так горячо приветствовали Си Цзиньпина, что чуть не уронили китайского лидера. Охрана Путина помогла ему удержаться pic.twitter.com/7n1JQaYqA6
— Кремлевский пул РИА (@Kremlinpool_RIA) 7 июня 2019 г.
Әсіресе, Қытайдан келген делегацияның өкілдері белсенділік танытады, олар өз көшбасшыларын қошеметтеп, барынша оның назарын аударып әлек болған. Бір уақытта Си Цзиньпин олардың біріне қолын созып, амандасуға ұмтылғанда, сахнадан құлап кете жаздайы. Қытай төрағасын Ресей президенті Владимир Путиннің күзетшілері ұстап қалған. Осыдан кейін Си Цзиньпин залдан асықпай шығып кетеді.
Петербург халықаралық экономикалық форумы биыл 6-8 маусым күндері өтті.