Спорт

25 миллион теңге алады: "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

© Sputnik / Болат Шайхинов"Қазақстан барысы" турнирі
Қазақстан барысы турнирі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстан барысының" финалында шығысқазақстандық екі палуан күш таластырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қазақша күрестен "Қазақстан барысы – 2019" турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 33 палуан қатысты. Финалдық белдесуде шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров жерлесі Ерасыл Қажыбаевты таза жеңіп, екі дүркін "Қазақстан барысы" атанды.  

Айта кетсек, Айбек Нұғымаров 2013 жылы да жеңіске жеткен еді.

Турнир чемпионы 25 миллион теңге , ал оның бапкері 3,5 миллион алады. Бұдан бөлек, оларға алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы "Тайтұяқ" табыс етіледі.

Екінші орын алған балуанға 5 миллион 500 мың теңге, үшінші орын алған спортшыға 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандар әр жеңісі үшін 100 мың теңгеге ие болады.

Жаңалықтар
0