Қазақстанда 2019 жылғы кезектен тыс президент сайлауына 9,4 миллиард теңгеден астам немесе 24,8 миллион долларға жуық қаражат жұмсау жоспарланған.
Тағы оқыңыз: Сайлау туралы не білуіңіз керек - толық мәлімет
Президент сайлауы 2019
Президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бұл күні Қазақстанда 9 970 сайлау учаскесі, шетелде 65 учаске ашылады.
Сайлау учаскелері таңғы жетіден кешкі сегізге дейін сайлаушыларды қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді. Олар:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.