Қоғам

Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек – дәрігер кеңесі

© Sputnik / Ерғалы АсылбекСүндет 2019
Сүндет 2019  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында арнайы акция ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Елордада "Сүндет - 2019" акциясы аясында үш сағат ішінде 40-тан астам бала тегін сүндетке отырғызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

140 бала сүндетке отырғызылады

Шараның мақсаты – көпбалалы отбасыларға көмек көрсету. Акция аясында барлық балаға "циркумзиция" (сүндеттеу) медициналық қызметі тегін көрсетіледі.

© Sputnik / Дәурен Ерболат№2 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Әшімханов
Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек  – дәрігер кеңесі - Sputnik Қазақстан
№2 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Әшімханов

№2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Айдын Әшімханов бұл акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқанын айтты.

"Шара 7-8 маусым аралығында өтеді. Әкімдік берген тізімге сәйкес, көпбалалы отбасылардың 3-7 жас аралығындағы 140-тан астам баланы сүндеттейміз. Медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Шараға 10 үздік хируг қатысады. 3 сағаттың ішінде 40 баланы сүндетке отырғыздық. Сондай-ақ шараға урологтардың конгресіне келген Германия, Түркия дәрігерлері қатысты", - дейді ол.

Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек

Сондай-ақ, Айдын Әшімханов баланы неше жаста сүндетке отырғызу қажет екенін айтты.

"Баланы сүндетке тек дәрігер отырғызуы керек. Баланың жыныстық мүшесінің жетілуіне байланысты оны 5 жастан сүндетке отырғызу керек. Ол кезден асып кетсе, қорқудың қажеті жоқ. Дәрігерлерге 10-20 жастағылар да келеді. Бізде балалар ауруханасы болғандықтан, 18 жасқа дейін қабылдаймыз", - деді Айдын Әшімханов.

№2 қалалық балалар ауруханасының ресми мәліметіне сәйкес, мұнда баланы наркозсыз сүндетке отырғызу – 16 мың теңге, ал наркозбен 24 мың теңге екен. Дәрігерден ақыл-кеңес сұрасаңыз, қосымша 2200-3800 теңге төлейсіз. Сонымен қатар әр ауруханада баланы сүндетке отырғызудың бағасы әртүрлі.

Тағы оқыңыз: Баланы бесікке бөлеу пайдалы ма, әлде зиян ба?

Астана қаласының тұрғыны Саягүл Ишанқұлова бұл акция туралы әкімдік арқылы біліпті. Оның 4 баласы бар екен. 

© Sputnik / Дәурен ЕрболатСаягүл Ишанқұлова бұл акция туралы әкімдік арқылы біліпті
Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек  – дәрігер кеңесі - Sputnik Қазақстан
Саягүл Ишанқұлова бұл акция туралы әкімдік арқылы біліпті

"Көпбалалы аналардың WhatsАpp-та тобы бар. Топқа әкімдіктен "осындай акция өтеді" деген хабарлама келді. Кеше медициналық тексерістен өттік. Бүгін осында келдік. Бес жарым жасар Нұржан атты ұлымды сүндетке отырғыздым. Барлығы тегін болды. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін", - деді ол.

Ал елордалық Ләззат Дүйсенбаеваның 5 баласы бар. Ол 7 жастағы баласын сүндетке отырғызыпты.

© Sputnik / Дәурен Ерболат5 баланың анасы Ләззат Дүйсенбаева 7 жастағы ұлын сүндетке отырғызды
Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек  – дәрігер кеңесі - Sputnik Қазақстан
5 баланың анасы Ләззат Дүйсенбаева 7 жастағы ұлын сүндетке отырғызды

"Дәрігерлерге, медбикелерге үлкен рақмет. Біз осында таңғы сағат 9:50-де келдік. Ұлымды сағат 11:10-де дәрігердің қабылдауына кіргіздім. Балам онда жарты сағаттай болды. Ұлымның есімі – Санжар. Мұнда білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Сондықтан осында келдік", - дейді тұрғын.

Ал 3 және 5 жасар Сағит пен Әли мұнда әкелерімен бірге келген. Олар да шара туралы қалалық әкімдіктен біліпті.

© Sputnik / Дәурен ЕрболатАл 3 және 5 жастағы Сағит пен Әли әкелерімен бірге келген
Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек  – дәрігер кеңесі - Sputnik Қазақстан
Ал 3 және 5 жастағы Сағит пен Әли әкелерімен бірге келген
Жаңалықтар
0