Қоғам

"Жас қыз болатын": Назарбаев пен Әйтімова алғаш кездескен сәтін еске алды

© Sputnik / Болат ШайхиновСенатор Бірғаным Әйтімова
Сенатор Бірғаным Әйтімова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жылдар бойы өзінің қасында болған депутаттарды атады

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жылдар өзімен бірге істеген Бірғаным Әйтімова туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Әйтімова білім және ғылым вице-министрі Суханбердиеваның ұсталуы күтпеген оқиға болғанын айтты 

Бүгін сенатта "Құрметті сенатор" төсбелгісін табыстау рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдар бойы өзінің қасында болған депутаттарды атады. Олардың арасында сенатор Бірғаным Әйтімова да бар.

"Бүгін енді кездесіп отырғаннан кейін еске түсірмесе болмайды. Осы айдың 20-шы жұлдызында менің елге бірінші басшы болып келуіме отыз жыл толғалы тұр. Бұл да үлкен белес. Біз Бірғаныммен сол кезден бастап таныспыз. Жас қыз болатын. 1990 жылдары таныстық", - деді Елбасы сенаттың жалпы отырысында.

Назарбаев сол кезден бері Бірғаным Әйтімова өзінің қасында жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.   

"Мен оны тағайындаған көптеген лауазымда, соның ішінде дипломатиялық қызметтерде үлкен табысқа жетті. Сіздің өміріңізде бұл жарқын күндер болды деп санаймын. Сізбен бірге жұмыс істегеніме және жұмыс істейтініме қуаныштымын", - деді тұңғыш президент.

Ал сенат кулуарында депутат Бірғаным Әйтімова Елбасымен алғаш кездескенде отыздан енді асқанын айтты.

"Кездейсоқ кездесіп қалдық, сонда амандастық. Ол кезде Әлия (Назарбаевтың үшінші қызы – Sputnik) жап-жас бала еді, сонда бір сөйлесіп қалдық", - деп еске алды сенатор.

Әйтімова сол кезде басшылықта болған Назарбаевтың оған тапсырма беруі күтпеген оқиға болғанын айтты.

"Бұл мен үшін күтпеген оқиға болды. Ол кезде қазақ жастарының өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істеуге ынтасын оятуға басымдық берілді. Содан бері мен біздің президенттің саясатын толығымен қолдап келемін", - деді ол.

Депутат ұзақ жылдар бойы тұңғыш президентпен бірге қызмет етсе де, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан ешқашан қолдап-қолпаштау болмағанын қадап айтты.

Жаңалықтар
0