Саясат

Тоқаев мемлекетті басқару жүйесіне жастарды тартатынын мәлімдеді

© Photo : Официальный сайт президента РКҚазақстан-Ресей жастар форумы
Қазақстан-Ресей жастар форумы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев жүздеген белсенді жастың тізімі жасалатынын Қазақстан-Ресей жастар форумында айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Жыл соңына дейін 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі дайындалады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.  

"Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші", - деп хабарлады Тоқаев.

​Қазақстанда жүздеген белсенді жастың тізімі жасалатынын Тоқаев осы жылдың мамырында Қостанайда Қазақстан-Ресей жастар форумында айтқан болатын.

Ол тізімдегі адамдар мемлекеттік қызметтің барлық сатысында жұмыс істеуге мүмкіндік алатынын атап өтті.

Бұған дейін президент Қазақстанда 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялау идеясын қолдады. 

Жаңалықтар
0