НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Павлодар облыстық департаменті өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты тергеуді бастады.
Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиеваның не үшін ұсталғаны белгілі болды
"Ол облыстың медициналық мекемелеріне зарарсыздандыру жабдықтары бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде көмек көрсеткені үшін жеке компания басшысынан 3 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды", - деді Бастарова бүгінгі баспасөз мәслихатында.