Қоғам

Әйтімова қамауға алынған вице-министр туралы: жаным ашып тұр

© Sputnik / Болат ШайхиновСенат депутаты Бірғаным Әйтімова
Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ұсталуын өзі үшін күтпеген оқиға болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды

Депутат вице-министр төңірегіндегі шуды жұрт сияқты әлеуметтік желілерден оқып, біліп отырғанын айтты.  

"Сондай бір жұмыскер, қызметкер тұлға. Сондықтан, бұл мәселе дұрыстап зерттеліп, тексеріліп, содан кейін ғана шешім қабылданатын шығар деп ойлаймын. Бірақ, мен үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соған көңілім түсіп, жаным ашып тұр ", - деді Әйтімова сенат кулуарында.

Айта кетсек, 5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. Ал бүгін Эльмира Суханбердиеваның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Суханбердиева білім және ғылым министрінің орынбасары болып 2016 жылдың сәуірінен бері жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0