Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев6 маусым - күнтізбе
6 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесіндегі 157-ші күн, жыл соңына дейін 208 күн бар

6 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

6 маусымда қандай айтулы оқиға болды

1994 жылы Қазақстанда қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрамында салық милициясы басқармасы құрылған болатын. Ал 2011 жылы президенттің жарлығымен кәсіби және өзге де мерекелердің тізіміне 6 маусым - Қаржы полициясының күні енгізілді.

1997 жылы Ресей федерациясы президенті Александр Пушкиннің туған күніне орай "Пушкин күнін" атап өтуді ұйғарды. Ал БҰҰ аясында "Орыс тілі күні" аталып өтеді. Оны Александр Пушкиннің туған күніне орайластырды.

1983 жылы Швецияның ұлттық күні бекітілген болатын. Оған дейін аталған мейрам Швеция мемлекеттік туының күні ретінде тойланды. Бұл елдің басқару формасы - Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Патша. Жоғарғы атқарушы органы - Үкімет. Заң шығарушы жоғары органы бір палаталы парламент – Риксдаг.

1994 жылы Украина президенті Леонид Кравчук арнайы жарлықпен "Журналистер күні" мерекесін енгізді.

Ал Боливияда ұстаздар күні аталып өтеді. Оны 1840 жылы 6 маусымда туған танымал боливиялық педагог, жазушы, журналист, заңгер, тарихшы, дипломат және саясаткер Модесто Омисте Тинахеростың құрметіне енгізді.

6 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1664 жылы Жаңа Амстердамның атауы "Нью-Йорк" деп ауыстырылды;

1850 жылы Леви Страусс өзінің алғашқы джинсы шалбарын шығарды;

1882 жылы америкалық Генри Сили электр утюгінің патентін алды;

1882 жылы қатты циклонның салдарынан Бомбейдің 100 000-нан астам тұрғыны судың астында қалып, қаза болды;

1919 жылы Прекмурье республикасы жойылды;

1942 жылы синтетикалық матадан жасалған парашютті алғаш рет сынақтан өткізді;

1971 жылы Сан-Габриель тауларында жолаушылар ұшағы мен жойғыш ұшақ соғылып, салдарынан 50 адам қаза тапты;

1994 жылы Сиань қаласының маңында Ту-154 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 160 адам қайтыс болды. Бұл – Қытайдың тарихындағы ең үлкен ұшақ апаты;

2012 жылы Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің 12-ші отырысы өтті.

6 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1845 жылы Атбасар қаласының негізі қаланды;

1945 жылы Қарағандыда әлемдегі тұңғыш көмір комбайны сынақтан өтті;

2001 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданы орталығында ақын Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылды;

2012 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) байқауының қорытындысы бойынша "10 000 теңге" банкноты 2011 жылдың үздік банкноты атанды;

2014 жылы Сырдария арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды;

2017 жылы 16 жастағы қазақстандық оқушы Давид Кнышенко төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін "Fast Helper" ұялы қосымшасын жасап шығарды.

6 маусымда туған танымал тұлғалар

1799 жылы орыс ақыны, драматург әрі прозаик Александр Пушкин дүниеге келді;

1868 жылы Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы Роберт Скотт дүниеге келді;

1904 жылы ресейлік театр мен кино әртісі Татьяна Пельтцер дүниеге келді;

6 маусымда Қазақстанда кім туды

1936 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері кескіндемеші, Тұрсын Әбуов дүниеге келді;

1941 жылы фантастика жанрындағы жазушы Шоқан Әлімбаев дүниеге келді;

1946 жылы журналист, ақын, аудармашы Кеңшілік Мырзабеков дүниеге келді;

1951 жылы грек-рим күресі бойынша 1980 жылғы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров дүниеге келді;

1953 жылы Қазақстан жоғары мектеп ғылым академиясының корреспондент-мүшесі жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы дүниеге келді;

1972 жылы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов дүниеге келді;

1986 жылы белгілі тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісіне тұспа-тұс келеді. Осы күні тың бастамаларды қолға алуға болады. Жаңа идеяларды жан-жақты пысықтап, нақты жоспарға енгізген жөн. Бұл кезеңде адамның ағзасы күш-қуат жинайды. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды күшейтуге мүмкіндік бар. Басқа бір адаммен танысуыңыз да әбден мүмкін. Адамның интуициясы күшейеді. Ол дос пен дұшпанды ажыратуға көмектеседі. Жалпы, бұл күннің энергиясы абырой мен құрмет әкеледі.

Жаңалықтар
0