Әлем

Күйеуі көзіне шөп салғанын білген әйел кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты

© Photo : РixabayЕр мен әйел
Ер мен әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келіншек күйеуінің көлігін жезөкшелер үйінің қасынан көріп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Австралияның Сидней қаласында күйеуі көзіне шөп салғанын білген келіншек оның көлігінің терезесін темір баспалдақпен сындырды, деп хабарлайды Daily Mail.

Оқиға 3 маусымда болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жезөкшелер үйінің қасынан күйеуінің көлігін көріп, ашуға булыққан екен.

Тағы оқыңыз: Қандай адамдар көзге шөп салуға бейім?

"Келе жатсам, бір әйел көліктің терезесіне сатыны тығып жатыр", - дейді оқиға куәгері.

Оның сөзіне сүйенсек, келіншек жезөкшелерге барғаны үшін күйеуінен осылайша кек алған көрінеді.

Желі қолданушылары ер адам жезөкшелер үйіне құбырды тексеруге баруы да мүмкін ғой, қызғаншақ әйел қате түсініп қалған шығар деп пайымдады.

Тағы оқыңыз: Ерлі-зайыптылар бір-бірін неге қызғанады?

Жаңалықтар
0